Алексей Цой карантин шаралары туралы: Шекарадағы бақылауды әлсіреткен жоқпыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шекаралас көрші елдердегі эпидемиологиялық ахуалға жіті мониторинг жасап отыр. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шындығында шекаралас көрші елдердегі ахуалға мониторинг жасап отырмыз. Өздеріңіз де білетіндей, мемлекеттік шекарадағы бақылауды әлсіреткен жоқпыз. Бізде 30 күнде бір рет өту мүмкіндігіне, міндетті түрде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі болуына қатысты талап болды. Бұл талаптар ұшақпен қатынайтындарға да сақталады. Мұндай талапты еліміздің азаматтары да, шетелдіктер де шекаралық өткелдерден өткенде немесе әуежайда міндетті түрде орындайды», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте Алексей Цой «Covid-сіз саяхатта» деп аталатын мобильді қосымша бар екендігін, ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде қолданылатындығын атап өтті. Аталған қосымшада ПТР тестілеу нәтижелеріне қатысты ақпарат алмасылатындығына назар аударды.

«Біз талапты өзгерткен жоқпыз. Тек Қазақстан ішінде ғана бірқатар іс-шараны жеңілдеттік. Еңбастысы Ashyq жүйесі элементін пайдаланымыз және бизнестің жұмыс уақытын аталған бағдарлама аясында ғана кеңейтеміз. Сондықтан ахуал мониторингіленіп отырады. Жалпы, егер де көші-қон ағының артқанын байқайтын болсақ, онда қосымша іс-шаралар қолданамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар