Алексей Цой: Дүйсенбіден бастап 5 өңірде шектеу шаралары қатаңдайды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексец Цой орталық коммуникацяилар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыға тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті. Ол шектеулер 2 тамыздан бастап күшіне енеді», - деген министр шектеудің қандай мекемелерге бағытталғанын атады.
«Меншік иесіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандарынан, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барша кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады. Ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады», - деді Алексей Цой.