Алексей Цой дәрігерлерге кешіккен үстемеақы қалай төленетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавиурспен күреске атсалысқан дәрігерлердің дер кезінде алмаған үстемеақысы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, үстемеақыдан қағылған мамандардың құжаты өңірлік комиссиялар жұмыс істеп тұрған кезде қаралып үлгермей қалған.

Бірақ оны кейін қозғап, тиесілі ақшаны алуға мүмкіндік бар.

«Сол кезде арнайы нормалар күшінде болды. Әрбір әкімдіктің жанында өңірлік кеңестер жұмыс істеген болатын. Оны әкімнің орынбасарлары басқарды. Құрамына азаматтық қоғам өкілдерінен бастап түрлі мамандар кірді. Сондай тәртіп күшінде болған кезде беріліп, қаралған өтініштердің бәріне тиісті жауап берілді. Оң шешім шығарылғандар бойынша үстемеақы бәріне берілді», - дейдіведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, дәрігерлердің бұл мәселесін жергілікті әкімдіктер шешуі тиіс. Немесе құқықтық жолмен, соттасып шешуге болады.

«Осындай жайттар туындап жаста, құқықтық тәртіппен шешілуі керек. Жергілікті әкімдіктің немесе кәсіподақтардың есебінен өтеп беру тетіктері де бар. Яғни, бұл мәселе де шешіліп жатыр. Әкімдіктер осындай мәселе туындап жаста, өз қаражаты есебінен немесе қоғамдық қорлар арқылы өтеп отыр», - деген министр биыл денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат былтырғыдан 200 млрд теңгеге көп екенін еске салды.

«Былтыр 1 трлн 662 млн 991 мың теңге болса, 2021 жылға біз 1 трлн 862 млн 672 мың теңге қаржыландыру алдық. Яғни 200 млрд теңгедей көп бөлініп отыр. Оның бір бөлігі коронавирустан емдеу және қауіпті аймақтарда режимдік жағдайда жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге бағытталды», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар