Алексей Цой биыл елімізде бірқатар қауіпті инфекциялар тіркелмегенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елімізде бірқатар қауіпті аурулар тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді», - деді А. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясына қарсы күрес бүкіл отандық денсаулық сақтау жүйесін қозғады. Қарапайым сөзбен айтқанда, COVID-19 пандемиясы біздің денсаулық сақтау саласын әбігерге салды. Бұл, әсіресе, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға әсер етті. Өкінішке қарай, өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп берді», - деді Б. Кесебаева.


Соңғы жаңалықтар