Валюта бағамдары:
    usd/kzt 434.34 eur/kzt 491.93

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 68.67
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: -15 °С
Алматы: 0 °С

Алексей Цой биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасындағы негізгі қадамдарды атады

2021 жылғы 8 желтоқсан 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасындағы ескерілген қадамдарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған заң жобасында бірінші оқылымда Мәжілістің жалпы отырысында қаралып жатыр.

Мұндай қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру талап етіледі, ол үшін заң жобасында:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;

2) биоагенттермен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біріздендіру;

3) микроорганизмдердің ұлттық және жұмыс коллекцияларының қызметін регламенттеу;

4) үйлесімді мемлекеттік басқару жүйесін құру;

5) патогенді биоагенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін құру;

6) биотәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;

7) биологиялық қауіп-қатерлерді болжау жүйесін құру;

8) профильді қызметтер мен халықтың төтенше ықтимал жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету;

9) мемлекеттік реттеудің превентивті функциясын күшейту аясында реттеу ұсынылады.

«Заң жобасы үкіметтік нұсқада жоғарыда аталған тәсілдерді іске асыруға бағытталған 8 тараудан және 32 баптан тұрады, сонымен қатар, қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезеңді және патогенді биоагенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу үшін қосымша 6 айды көздейді. Республикалық бюджеттік комиссия заң жобасын іске асыруға шамамен 25 млрд теңге мөлшерінде 2022-2024 жылдарға арналған шығыстарды мақұлдады. Бұл шығыстарға бейінді қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, мемлекеттік зертханалық базаны қосымша жарақтандыру, биоқауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру және жүргізу, микроорганизмдер коллекциясын ұстап тұру шығыстары кіреді», - дедіь Алексей Цой.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар