Алексей Цой: Балаларды оқу жылы басталғанға дейін вакциналау күн тәртібінде тұрған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Pfizer вакцинасы Қазақстанға әкелінсе, балалар басым бағдарда болады. Бірақ олардың екпені алуы ата-аналардың қалауындағы шаруа. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай ұстанымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үшін халықтың, соның ішінде балалар қауымының вакцинаға қол жеткізе алуы өте маңызды. Балалардың да екпе алу құқығы болғаны өте маңызды. Өйткені қазір тек ересектер ғана вакцина қабылдай алады. Біз балаларға вакцина ұсынылатын мерзімді нақты айта алмаймыз. Өйткені балаларды вакциналау процесі тек ерікті түрде болады. Ата-аналардың келісім беруі арқылы ғана іске асады. Осы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, кейбір ата-аналар балаларына вакцина салғызғысы келетінін айтып, тезірек соған жарамды екпе әкелуді өтінген.

«Қазір бізге өте көп ата-ана балаларын вакциналау туралы өтініш айтып жатыр. Өкінішке қарай, әзірге Қазақстанда ондай вакцина жоқ. Балаларға егуге кеңес берілген вакцина (Pfizer ред.) жетіп, мүмкіндік пайда болған кезде біз бірден қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Бұл вакцина бойынша балалар негізгі бағдарда болады. Өзіңіз айтқандай 2 млн бала бар. Яғни, осынша бала вакцина ала алады. Мәселе қанша ата-ананың баласына вакцина салуға ниет танытатынында. Оның бәрін вакциналау барысында көреміз. Балаларға екпе салу тек ерікті негізде жүреді. Сондықтан оқу жылына дейін оларды вакциналау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Соңғы жаңалықтар