+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алексей Цой Ashyq жүйесінің тиімділігін атады

2021 жылғы 18 мамыр 10:03
Бөлісіңіз:
Алексей Цой Ashyq жүйесінің тиімділігін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жүйесінің көмегімен «қызыл» және «сары» мәртебемен 3 256 адам анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қаңтардан бастап кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен эпидемиологиялық ахуал арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында Ashyq жобасы ілкі режимде іске қосылып, 26 сәуірден бері бүкіл ел аумағына таратылды. Бүгінде «Ashyq» жүйесі қызметтің барлық саласында шамамен 6 мың нысанды қамтиды және 1 млн 400 мың қолданушы тіркелген. Жүйе іске қосылған сәттен бастап «қызыл» және «сары» мәртебемен 3 256 келуші анықталды. Олардың ішінде ПТР-дің оң нәтижесімен 1 867 науқас және 1 389 байланыста болған адам бар», - деді министр.

Сонымен қатар ол Ashyq жүйесі 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында іске қосылғандығын, ал 21 мамырдан Алматы әуежайында қолданылатындығын атап өтті. Оның дерегінше, елорда әуежайында жүйенің көмегімен ПТР-дің оң нәтижесі бар 37 науқас және байланыста болған 37 адам анықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT