Алексей Цой Алматыдағы «Мега» СОО-дағы вакцинация пунктіне барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға жұмыс сапары кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «MEGA Alma-Ata» СОО вакцинациялау пунктінде болып, оның жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол процедураның қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлардың, соның ішінде вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтардың бар-жоғын тексеріп, вакцинация алғысы келетіндерді қабылдау алгоритмінің сақталуына көз жеткізді.

Пациенттермен әңгіме барысында министр СОО алаңында жасалған жағдайлар туралы адамдардың пікірлерін мұқият тыңдады.

№ 4 емхананың бас дәрігері, вакцинация жөніндегі үйлестіруші Зухра Омарованың айтуынша, күн сайын сауда орталығына екпе салғысы келетіндер көп. Пункт 10 сәуірде жұмыс істей бастады, ал 6 күн ішінде мұнда 1,5 мың адам немесе күніне орта есеппен 285 адам коронавирустық екпе алды.


«Халық ықыласпен келеді. Кейбіреулер жұқтыру қаупіне ұшырамау үшін емханаға барудан аулақ болады, ал дені сау адамдар осында келеді. Келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Әзірге вакцинаны енгізуге жағымсыз реакциялардың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ», - дейді маман.

65 жастан асқан қарт адамдар вакцинацияны алу үшін СОО-ға жүгінеді. Пациенттердің арасында 92 жастағы қарт бар, вакцинацияға ниет білдірген қарияға екпе салынды.

Сауда орталықтарындағы егу пункттері барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, пациентті міндетті түрде тексеріп, сұрастыра отырып жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде әр пациент бақылауда болады. Кейін оның денсаулық жағдайы өзі тіркелген емхананың бақылауына өтеді.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық мекемелерді, мектептерді, СОО мен базарларды қоса алғанда, жалпы 208 екпе пункті жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар