+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

2020 жылғы 13 тамыз 01:14
Бөлісіңіз:
Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда гемодиализ орталығы жаңа қонысқа көшті Карантин әлі алынған жоқ, тұрғындар қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс - Сапарбаев Жамбыл облысында КВИ жұқтырғандардың 98 пайызы аурудан айыққан

Еске сала кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде шенеуніктің Талдықорған кәсіпкерлерімен кездесуінің видеосы таратылған болатын. Қала тұрғындары жүздесу барысында бас санитарлық дәрігердің дөрекілік танытқандығына шағымданған еді.

«Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді. Ол азаматтардың ренішіне түсіністікпен қарап, мұндай әрекет мемлекеттік қызметшіге лайықсыз деп есептейді. Осы орайда денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеруді бастауды тапсырды», делінген хабарламада.

Бағдат Қожахметов тексерудің жалғасып жатқандығын және оның қорытындысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа орталығы сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында хабарлайтындығын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT