Александра Пахмутова 85 жылдық мерейтойын атап өтуде
2014 жылғы 9 қараша 12:50

Александра Пахмутова 85 жылдық мерейтойын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өлеңдерін бірнеше ұрпақ өкілдері тыңдап өскен Кеңес және ресейлік композитор, КСРО-ның халық әртісі Александра Пахмутова бүгін, жексенбіде 85 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Александра Пахмутова 1929 жылы Нижне-Волжкий өлкесінің Бекетовка кентінде дүниеге келді. Өзінің алғашқы әнін ол үш жасар кезінде жазған. Бес жасында фортепианоға арналған «Әтештер ән салады» пьесасын шығарды.

Әндерінің көбі ақын әрі өмірлік серігі болған Николай Добронравовпен бірге шығарылған. Пахмутованың миллиондаған тыңдармандар білетін 400-ден астам әндері бар. Олардың арасында «Надежда», "Мелодия", "Нам не жить друг без друга" және тағы басқа да көптеген шығармалары жұртшылыққа кеңінен танымал.

Александра Пахмутова түрлі жанрларда жұмыс істеді. Ол симфониялық оркестрге арналған туындылар, балалар хорына - кантаттар, сондай-ақ Үлкен театрда қойылған «Озаренность» балетін жазды. Ол «Девчата», "Три тополя на Плющихе" өзге де көптеген кинофильмдерді әуенмен әрледі.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT