Александр Винокуровтың әкесі Петропавлда өткен велосипед жарысына қатысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Астана күніне орай велосипед жарысы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ОКҚ-іне сілтеме жасап.

Велосипедшілер жарысы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы ғимаратынан бастау алып, қалалық Жеңіс саябағында мәреге жетті.

Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаевтың мәлімдеуінше, веложарысқа 4 және 70 жас аралығындағы 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында қалалық балалар және жасөспірімдердің велосипед спорты мектебінің тәрбиеленушілері, Солтүстік Қазақстан облысындағы денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Есеналин, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың әкесі Николай Винокуров және «Велосипед спортының қазақстандық федерациясы» ӨҚҰ-ының Солтүстік Қазақстан облысындағы  филиалының президенті Мұхтар Игібаев болды.

Веложарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. 

1

2

3

Соңғы жаңалықтар