Александр Винокуров триатлоннан ҚР чемпионатының велокезеңінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының бұрынғы көшбасшысы, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров триатлоннан ҚР ашық чемпионатының 90 шақырым қашықтыққа веложарыс кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жүргізушінің айтуынша, велокезеңдегі жеке жарыста ол қарсыластарынан 30 минутқа озып кетті және аяқ киімін жылдам ауыстырып, жүгіре жөнелді.

Еске сала кетсек, чемпионатта жалпы саны 155 адам сынға түсуде. Олар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырды және 21,5 шақырымды жүгіріп өтеді.

Соңғы жаңалықтар