Александр Винокуров: «Tour of Almaty» сияқты жарыстарды көп ұйымдастыру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Велоспорттан Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров елімізде «Tour of Almaty» секілді жарыстарды жиі ұйымдастыру қажет деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан велоспорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ойынша мұндай сайыстар қазақстандық шабандоздарға өте пайдалы. Себебі, олардың әрбір ұпайы олимпиадалық рейтингке әсер етіп, құраманың жағдайын жақсарта түседі.

«Бұл идея ұзақ уақыт бойы біздің арманымыз болып жүрді. 7 жыл бұрын сол идея іс жүзіне асты. Алғашқыда ол біркүндік жарыс болды. Өткен жылы жарысты екі күн қатар өткіздік. «Медеуге» мәрені белгілеп, Алматының ғаламат табиғатын әлемге паш еттік. Алматыны таңдағанымыздың да себебі түсінікті. Мұнда бұрыннан жарыстар өтіп келді, әрі қаланың көрсетер тұстары жетерлік» дейді спортшы.

Сондай-ақ, Александр Винокуров «Астана» шабандозшылары туралы да айтты.

«Біздің команда - Про-турдың ішіндегі ең мықтылардың қатарына жатады. Сондықтан өзімізде өтіп жатқан«Tour of Almaty» додасында жеңіске жеткіміз келеді. Биылғы жарыс отандық шабандоздар үшін өте маңызды. Мысалы Пронский Vino Astana Motors құрлықтық командасының атынан қатысса да ол иеленген ұпайлар Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына түседі. Біздің құрама ТОП-21 құрамына кірсе біз Олимпиада ойындарына 3 спортшы қатыстыра аламыз. Сондықтан да рейтингтік ұпайларға таласу қажет»,- деді ол.

Еске салсақ, бұл жарыс туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар