+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады

2021 жылғы 19 маусым 14:06
Бөлісіңіз:
Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада күнін Қазақстанда атап өту эстафетасын Солтүстік Қазақстан өз мойнына алды. Петропавлда жаппай велошеру өтті. Велошеруді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Токио-2020: Қазақстандық теннисшілер қарсыластарына есе жіберді Елдос Сметов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін үшінші тур ойындары басталады

Бұл мереке жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Аталған мереке Қазақстанда 28-ші рет тойланбақ. Осыған орай, Ұлттық Олимпиадалық комитет бүкіл маусымды олимпиадалық құндылықтарға арнайды. Барлық іс-шаралар халықаралық олимпиадалық қозғалыстың «Бәріміз бірге: жылдам, биікке, мықты» жаңа ұранымен өтеді.


Винокуров атындағы спорт сарайынан жүзден астам велошабандоз велошеруге қатысты. Ересектер мен балалар қала көшелерімен 10 шақырымдай жүріп өтті.

Қатысушыларға Олимпиада күніне қатысқаны үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың қолы қойылған сертификаттар табысталды.

«Мен осында келгеніме және спортты сүйетін жерлестеріммен кездескеніме қуаныштымын. Бұл күндері велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, сондықтан Петропавлды дәл қазіргі таңда велосипедшілер мекені деп атауға болады. Бүгінгі шараға қатысқандар қатарында болашақ олимпиадашылардың бар екеніне сенімдімін», - дейді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.

«Осындай ұзақ қашықтықты бағындырғаным үшін кеудемді мақтаныш кернейді. Ата-анам да жанкүйерлік танытып, қолдау білдірді. Бүгінгі мереке – тамаша мереке болып саналады. Енді жыл сайын атап өтемін деп ойлаймын», - дейді велошеруге қатысушы Ания Байгужинова.

Олимпиада күні аясында мерекені атап өту 20 маусымда Алматыда спорттық құзға өрмелеу бойынша сайыспен жалғасады. 21 маусымда Ақтауда бокс және дзюдодан шеберлік сыныптары өткізілсе, 23 маусымда елордада баскетбол ойындары, стрит воркаут, каноэде есуден және текболдан сайыстар ұйымдастырылатын спорттық шара өтеді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT