Александр Винокуров инаугурация туралы: Жастарды қолдаудың жаңа идеяларын естідік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінен кейін сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым-Жомарт Тоқаевты бұрыннан білеміз. Ол біздің азаматтарымыз сайлаған лайықты Президент. Мен де сайлауға барып, жаңа идеялар үшін соған дауыс бердім. Президенттің өзі айтпақшы, Елбасы ұсынған стратегия жалғасын табады деп ойлаймын. Мен жастарды қолдау туралы жаңа идеяларды естідім. Жастардың дарынына кең жол ашылса құп болар еді», - дейді Александр Винокуров.

«Ел үшін жастар маңызды. Жаңа технологияларды енгізуді қалайтын, жаңалық ашқысы келетін адамдар үшін бұл жақсы. Президент айтпақшы, әлем бір орында тұрған жоқ, біз қарымды қадамдармен алға жүруіміз қажет», - дейді спикер.

А. Винокуров Мемлекет басшысы айтқан ең маңызды мәселелерге де тоқталды.

«Менің түсінуімше, бұлар қоғамда жиі талқыланатын әлеуметтік мәселелер. Кадрлар тапшылығы бар екенін білемін. Бұл өзекті мәселе. Сонымен қатар бизнес те маңызды. Бизнесті дамытуға кең жол ашу қажет, қолдау керек. Елбасы секілді көтерілуге мүмкіндік беру керек. Билік халық алдында есеп беретін алаңдардың болғаны қандай жақсы. Ол айтқан идеялардың барлығы іске асқанын қалаймын», - деп түйді Олимпиада чемпионы.

Соңғы жаңалықтар