+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Александр Винокуров басшылықтан кеткенмен, команда құрамында қалады – Astana-Premier Tech

2021 жылғы 24 маусым 19:38
Бөлісіңіз:
Александр Винокуров басшылықтан кеткенмен, команда құрамында қалады – Astana-Premier Tech

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуровтың команданың спорттық басшысы міндетін атқару тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуровтың команданың спорттық басшысы міндетін атқаруын тоқтататынын хабарлайды. Команданың директорлар кеңесінің бұл шешіміне қарамастан, А.Винокуров Astana-Premier Tech командасының құнды мүшесі болып қала береді. Бірақ біраз уақыт басқарушылық міндеттер атқармайды», - деп жазылған команданың ресми мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта Александр Винокуровтың орнына кім келетіні де айтылған.

«Жуық арада команданың спорт жетекшісі ретіндегі жауапкершілікті Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр өз мойнына алады. Олар команданың күнделікті спорттық қызметін жұмыстарын басқарушы директор Яна Зельмен бірге үйлестіреді», - деп жазылған Astana-Premier Tech таратқан мәліметте.

Осылайша, «Тур де Франс» көпкүндігіне Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуровсыз қатысатын болды.

«Біз Александр Винокуровтың «Тур де Франсқа» қатыспайтынын растаймыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі міндетін тоқтатты. Александр әлі де команданың құрамынада қала береді. Тек команданың спорттық операцияларды басқармайды. Бірақ басқа тапсырмаларды орындауға ауысады. Осы кезеңде Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданың жарыстарда өнер көрсетуін үйлестіріп, Дмитрий Фофонов пен Стефано Занини бастаған шабандоздардың «Тур де Франс» және басқа да сайыстарда табысты өнер көрсетуіне мүмкіндік жасайды деп үміттенеміз», – дейді Astana-Premier Tech басқарушы директоры Яна Зель.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT