Александр Винокуров 50+ жас санатында алтын медаль жеңіп алды

None
Фото: instagram.com/kcfkz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Азия чемпионатының Masters дәрежесінде жүлделі үш орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ел құрамасының намысын қорғай отырып, 50+ жас санатында алтын медаль жеңіп алды. Даңқты спортшы 15 шақырым қашықтықта «жекелей» сында ең бірінші болып келді. Оның нәтижесі – 20 минут 6 секунд. Осы жас санатындағы Алексей Абраменко күміс жүлдеге ие болды – 22 минут 25 секунд.

45- 49 жастағы masters арасында екінші орынды қазақстандық Вадим Ежаков алды, нәтижесі – 21 минут 46 секунд.

Айта кетейік, Александр Винокуров осы қашықтықта өз жасында ғана емес, сондай-ақ 35 жастан бастап барлық жас санатында ең жылдам уақытты көрсетті.


Соңғы жаңалықтар