Александр Недовесов Уимблдонның алғашқы айналымынан аса алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Недовесов Уимблдон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте олар тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (9:7).

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдалана алды.

Қарсыластары 3 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ.

Осылайша, Уимблдонда жекелей сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик жарыс жолын жалғастырып жатыр.

Жұптық сында Андрей Голубев, Юлия Путинцева және Александр Бублик өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті.

Уимблдонда Александр Бублик үшінші айналымға жолдама алды, ал Анна Данилина жеңіліп қалды.

Елена Рыбакина екінші жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар