Александр Недовесов Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 16-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уитроу - Натаниэль Лэммонспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда америкалық жұп басымдылық танытты - 6:3.

Есесіне одан кейін қазақстандық-мексикалық дуэт күш алып кетті - 6:1, 6:4.

Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Мигель мен Александр 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

Қарсыластары 11 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Рейес-Варела мен Недовесов екінші айналымда уругвайлық Ариэль Беар - чехиялық Адам Павлашекпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның келесі ойынның оңайлыққа түспейтіні туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ролан Гаррос турнирінде Скатов пен Голубев жарыс жолынан шығып қалды.

Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.


Соңғы жаңалықтар