Александр Масляковтан шақырту алған «Сағыз» командасы Сочиге аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының «Сағыз» командасы КВН халықаралық одағының президенті Александр Масляковтан шақырту алып, Сочи қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сочиде 11-22 наурызда «КиВиН-2021» көңілді тапқырлар клубы командаларының 32-ші халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Аталған фестивальға «Сағыз» командасы бес ойыншымен қатысады. Оларға облыс әкімдігі мен жергілікті кәсіпкер демеушілік көмек көрсетті.

«Бізде аздаған қобалжу бар. Өйткені, сахнада алғаш рет орыс тілінде өнер көрсетеміз. Дегенмен, біздің команда 12 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинады. Ресейлік көңілді тапқырлар клубында өнер көрсету әр команданың мүшелерінің арманы ғой. Бұл – біздің бесінші талпынысымыз. Бұған дейін қаржының жоқтығынан Ресейге бара алмап едік», -дейді «Сағыз» командасының негізін қалаушы Ернар Сакупов.

Оның айтуынша, команда мүшелерінің дені Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының жастарынан құралған. Бұл команда бірнеше әзіл-сықақ шоу-бағдарламасының бірнеше дүркін жеңімпазы болған. Сондай-ақ, «Көңілді тапқырлар алаңы» жастар жобасының чемпионы атанған. Енді команда мүшелерінің алға қойған мақсаты – алдымен Краснодар өңірлік лигасына, сонан соң Ресейдің бірінші лигасына кіру.

Соңғы жаңалықтар