Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын жоғары бағалайтынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар