Александр Лукашенко Беларусь елі атынан Қазақстан халқына сөз берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Минскке сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президентін алдағы жылы Беларуське ресми сапармен келуге шақырдым. Бұл сапар бүгінгі уағдаластықтардың орындалуын, сондай-ақ қол қойылған келісімдердің атқарылуын қадағалауға мүмкіндік береді», - деді А. Лукашенко Ақордада.

Сонымен қатар ол жүргізілген маңызды талқылаулар үшін ҚР Президентіне алғысын айтты.

«Бүгінгі кездесудегі конструктивті қадамдар үшін алғысымды айтқым келеді. Осы орайда біздің елдер мен халықтардың игілігіне барлық күш-жігерімді салуға дайынмын», - деді Баларусь Президенті.

«Қазақстан халқына айтарым, сіздер Беларусьпен тығыз байланыс орнатқандарыңыз өте дұрыс. Біз міндеттерімізді және уәдемізді орындайтын елміз, сәйкесінше ешкімді жарға жығып кеткен емеспіз. Сондықтан сіздер үшін сенімді ел ретінде болуға қауқарлымыз. Еурпаның ортасында сіздердің де жерлеріңіз бар екенін біліп жүріңіздер», - деді А. Лукашенко Қазақстан халқына арнап айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар