Александр Куликов слаломды есуден Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасында слаломды есуден финалға шыққан споршылар анықталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Александр Куликов ақтық сынға өте алған жоқ, деп жазады Olympic.kz.

Жартылай финал қорытындысы бойынша Куликов 12-орын иеленді. Ал финалға өту үшін алғашқы ондыққа ену керек.

Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты аяқтады. Әйелдер арасындағы сында Екатерина Смирнова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.


Соңғы жаңалықтар