Александр Бублик жұптық сында Вашингтондағы негізгі турнирге өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші нидерландылық Таллон Грикспормен бірге іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық-нидерландылық дуэт әуелі америкалық Маркос Гирон – филиппиндік Трет Хьюиді тартысты матчта тізе бүктірді – 5:7, 7:6 (8:6), 10:8.

Іріктеу сайыстарының финалында Бублик – Грикспор үндістандықтар Анируд Чандрасекар – Виджай Сундармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыластары қарымта қайырды – 6:4.

Дегенмен супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша, олар негізгі турнирге өтті.

Сонымен, А.Бублик Вашингтон ATP 500 жарысында жекелей және жұптық сында бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Вашингтон ATP 500 турнирінде өнер көрсететінін хабарлаған едік.

Денис Евсеев Президент кубогы челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар