Александр Бублик Вашингтон ATP 500 турнирінде өнер көрсетеді

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Вашингтон қаласында 31 шілде – 6 тамыз аралығында өтетін ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Александр Бублик доданы екінші айналымнан бастайды.

А.Бублик турнирге арнайы шақырту алған франциялық, қазіргі кезде рейтингте 322-орында тұрған Гаэль Монфис немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Америкалықтар Тейлор Фритц пен Фрэнсис Тиафо турнирдің бірінші және екінші ракеткалары болып тіркелген.

Бүгін Вашингтонда іріктеу сайыстары басталады.

Әлемнің 26-ракеткасы А.Бублик осының алдында Галле ATP 500 жарысының жеңімпазы атанып, Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Денис Евсеевтің финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Гамбург жарысының жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар