Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады
2022 жылғы 24 мамыр 18:30

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 68-орында тұрған франциялық Артур Риндеркнехпен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де франциялық спортшы жеңген еді.

Бұл жолы Александр Бублик 6:2, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйспен ғана көзге түсті.

Қазақтандық теннисші екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен ойнайды. Биыл Мадрид мастерс турнирінде Бублик дәл осы теннисшіден жеңіліп қалған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің алғашқы кездесулерін өткізетінін, Ярослава Шведованың Уимблдонда өнер көрсететінін жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT