Александр Бублик Рим мастерс турнирін сәтті бастады

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Рим ATP 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 142-орында тұрған испаниялық Педро Мартинес-Портеромен өткізді.

А.Бублик қарсыласын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 47 минутқа созылған матч барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Мартинес-Портеро 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик мастерс жарысының екінші айналымында әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 7,7 млн еуродан асатын додада өткен жылы әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович үздік шыққан еді. Ал А.Бублик алғашқы айналымнан аса алмаған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Аустралиямен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар