Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына өтті
2022 жылғы 23 маусым 00:21

Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты.

А.Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2.

Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен таласады. Т.Фриц екінші айналымда Тьяго Монтейроны жолдан тайдырды – 7:5, 6:3.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда нидерландылық Матве Мидделкоп – аустралиялық Люк Сэвилге есе жіберді – 6:4, 4:6, 3:10. Сөйтіп жартылай финалға шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Миланда жарыстың бірінші ракеткасын ұтқанын , Михаил Кукушкиннің Уимблдонда іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Зарина Дияс биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдеді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT