Александр Бублик Истборн турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) АТР 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы бәсекесін әлемнің 28-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізді.

Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда америкалық спортшының мерейі үстем болған еді.

Бұл жолы бірінші партияда Ф.Тиафо басымдылық танытты – 7:5.

Екінші сетте А.Бублик тай-брейкте сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:4). Ал үшінші, шешуші парияда қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Бір сағат 50 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші 17 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 86-ракеткасы, Astana Open 2020 жарысының чемпионы, аустралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасады. Д.Миллман тағы бір америкалық Себастьян Корданы тізе бүктірді – 6:3, 7:6 (7:5).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің ірі жарыстарда бақ сынайтынын, олардың әлемдік рейтингідегі орындары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.


Соңғы жаңалықтар