Александр Бублик Hall of Fame Open турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан теннис федерациясы ресми мәлімет таратты.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда Оңтүстік Африка Республикасынан келген Кевин Андерсонға 6:4, 6:7(3), 5:7 есебімен жол берді.

Матч 2 сағат 43 минутқа созылды.

Осы аралықта Александр 15 эйс және үш брейк жасады. Бірақ доп беретін кезде тоғыз мәрте қателесті.

Ал Кевиннің берген добы 20 мәрте тесіп өтті және ол үш брейк-пойнт жасады. Сондай-ақ төрт мәрте қос-қостан қате жіберді.

Айта кетейік, теннисшілер бұған дейін кездеспеген.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар