Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Л.Сонего сәтті ойнады - 7:6 (7:3).

Екінші сетте италиялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 7 жас жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Қарсыласы 6 эйспен бірге 2 брейкке қол жеткізді.

Бұл А.Бубликтің ATP жарыстарындағы алтыншы финалы еді. Ол тек биыл жыл басында Монпелье додасында ғана топ жарған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Франциядағы турнирдің финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар