Александр Бублик әлемдік рейтингте көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте үздік елулікке жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик бүгін жаңартылған рейтингте 57-ден 54-орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 60-тан 57-ге жоғарылады.

Дмитрий Попко 209, Александр Недовесов 212-сатыда тұр.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 36-ыншы, Елена Рыбакина 43-інші, Зарина Дияс 79-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Шанхайда негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 19-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ал М.Кукушкин бүгін рейтингте 50-орындағы сербиялық Миомир Кецмановичпен ойнайды.

Әйелдер арасында Ю.Путинцева Қытайдағы Тяньцзинь турнирінде (жүлде қоры – 500 мың АҚШ доллары) рейтингте 95-орындағы аустралиялық Астра Шармамен шеберлік байқасуда.

Е.Рыбакина Аустриядағы Линц додасында бақ сынайды. Ол іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

З.Дияс Инстраграмдағы өзінің парақшасында биылғы маусымды аяқтағанын, алдағы жылдан үміт күтетінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар