Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-40-қа жуықтады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 44-тен 41-сатыға көтерілді. Сөйтіп ТОП-40-қа жақындады.

Франциядағы Метц турнирінің финалында А.Бубликті ұтқан италиялық Лоренцо Сонего 65-тен бірден 45-орынға шықты.

Қазақстандықтардан Португалиядағы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 242-ден 233-ке жоғарылады. Ол Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды. Михаил Кукушкин 214-тен 218-ге, Дмитрий Попко 219-дан 235-ке, Денис Евсеев 263-тен 270-ке сырғыды.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас көш бастап келеді. Норвегиялық Каспер Рууд екінші, испаниялық Рафаэль Надаль үшінші орында.

Метц жарысында сәтсіз өнер көрсетіп, өз ұпайларын қорғай алмаған Польша өкілі Хуберт Хуркачты италиялық Янник Синнер ығыстырып, 10-орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Франциядағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын, Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 25-орынға сырғығанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz



Соңғы жаңалықтар