Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдегі үздік елу теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) бүгін жария еткен рейтингте А.Бублик 52-ден 49-орынға көтерілді.

Осылайша қазақстандық теннисші бір апта бұрын жоғалтып алған орнына қайта оралды. Ол биылғы ақпандағы үздік көрсеткішіне (47) жақын тұр.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 88-ден 89-ға төмендесе, Дмитрий Попко 178-ден 173-ке жоғарылады.

Көш басындағы үштікте (сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим) ешқандай өзгеріс болмаса, кеше Санкт-Петербург турнирінің

чемпионы атанған ресейлік Андрей Рублев өз спорттық жолында алғаш рет 10-нан 8-орынға көтерілді.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Чехияда бүгін басталатын Острава WTA жарысында бақ сынайды. Ол ертең алғашқы айналымда

іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірі, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі жаңа орны белгілі болғанын, А.Бубликтің жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің финалына шыға алмағанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар