+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Александр Бублик әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кірді

2021 жылғы 10 мамыр 12:14
Бөлісіңіз:
Александр Бублик әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) дүйсенбі күні жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет үздік 40 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Александр Бублик Лондон турнирінің ширек финалына шыға алмады Қарағандыдағы «Шахтер» стадионы халықаралық матчтарды өткізуге дайын Футболдан Еуропа чемпионаты: Франция Германияны жеңді

Қазақстандық теннисші 44-тен 40-орынға көтерілді. Оның бұған дейінгі үздік көрсеткіші 42-саты болатын.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 105-тен 103-ке жоғарыласа, Дмитрий Попко 180-нен бірден 193-сатыға сырғып кетті.

Әлемдік рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастаса, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Рафаэль Надальды үшінші орынға ығыстырды.

А.Бублик Рим мастерс турнирінде табысты ойнаса, өз көрсеткішін жақсарта алады. Ол бүгін алғашқы айналымда хорватиялық Марин Чиличпен ойнайды.

Әйелдер арасындағы осы жарыста Юлия Путинцева америкалық Кори Гауффпен, Ярослава Шведова италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT