Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Tour Arizona Tennis Classic турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 93-ракеткасы, қытайлық Чжи-Чжень Чжанмен кездесті.

А.Бублик екі сет бойы қарсыласына дес берген жоқ – 6:1, 6:2.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйспен ғана шектелді.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингте 134-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен кездесетіні хабарланды.

Әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс мастерс турнирінің финалына өтті.

Соңғы жаңалықтар