Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатында тағы жеңілді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында (US Open) жұптық сынның екінші айналымында өнер көрсетті. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисші 1/16 финалда дат спортшысы Хольгер Рунемен бірге франциялық дуэт Кентен Гали — Адриан Маннариноға қарсы ойнап, жеңіліс тапты.

Кездесу 2 сағат 14 минутқа жалғасты.

1 қыркүйек күні А.Бублик жекелей сында да жеңілген болатын. Оның қарсыласы Испания өкілі Пабло Карреньо-Буста болды.

Бұған дейін Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағындықова АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Анна Данилина екінші айналымға өтті.

Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 131-орында тұрған франциялық Клара Бюрельден жеңіліп, аталған турнирдің екінші айналымына шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар