Алдын ала даурығуға негіз жоқ - Энергетика министрлігі АЭС жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Энергетика министрлігі ел аумағында атом электр станциясын салу бойынша Ресей Федерациясы басшылығының ұсынысына байланысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген бағалауға сәйкес еліміздің электр қуатының болжамды балансында 2030 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде 2,7 ГВт-қа дейін базалық қуат тапшылығы күтілуде. Осыған орай, еліміздің оңтүстігінде бу-газ, гидро және атом станцияларын салу сияқты әртүрлі отын және энергия көздерін пайдалана отырып, базалық және маневрлік генерацияны енгізу арқылы тапшылықты жабу мүмкіндігін қарастырып отыр», - деп хабарлайды министрліктен.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, салынуы мүмкін АЭС-тің экономикалық және техникалық параметрлерін нақтылау және реакторлық технологияны таңдау үшін Техникалық-экономикалық негіздеменің Маркетингтік бөлімі әзірленген. Онда нарықта бар III+ реакторлық технологияларды талдау, сондай-ақ 5 елдің реакторлық технологияларды жеткізушілерімен, соның ішінде Росатом мемлекеттік компаниясымен, ақпарат алмасу жүргізіледі.

«Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар еліміздің оңтүстік өңірлерінде маневрлі газ генерациясын, сондай-ақ Ертіс өзенінде Шүлбі ГЭС және Іле өзенінде Қапшағай ГЭС контррегуляторларын салу мәселесін қарастыруда. Шымкент Жылу электр орталығы алаңында қуаты шамамен 450 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясын салу жөнінде ұсыныс берілді. Тек мүмкіндіктер және ұсынылатын жобалар тиянақты зерттелген соң ғана электр энергиясын өндіруге Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы және қолайлы технологиялар айқындалатын болады. Егер қуат тапшылығын жою мақсатында АЭС-ті таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АЭС салу туралы шешімді ҚР Үкіметі қоғамдық тыңдаулар жүргізіп, АЭС салынатын аумақтардың жергілікті өкілді органдардың келісімі бойынша қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі бұл ретте еліміздің шаруашылық міндеттерін шешу мұқтаждығы, қажетті жағдайлардың болуы және қауіпсіздік қатерінің болмауы ескеріледі.

«Осылайша, алдын ала даурығып, тұжырымдар жасауға және негізсіз алаңдауға себеп жоқ екенін хабарлаймыз», - деп хабарлайды министрліктен.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың РФ-ке ресми сапары барысында Ресей Президенті Владимир Путин екі елдің арасындағы энергетикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді және Қазақстанда АЭС құрылысын ресейлік технологиямен жүргізуді ұсынды.

«Бейбіт атом саласында ынтымақтастық дамып келеді, уран өндіру мен байыту бойынша қазақстандық-ресейлік алты кәсіпорын жұмыс істеуде. Өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу, осы орайда ресейлік технологиялармен АЭС салу мүмкіндігін ұсынамыз», - деді В. Путин.

Айта кетейік, бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы ұсынысқа қатысты түсінік берген болатын.

Соңғы жаңалықтар