Алдын ала болжам бойынша «Каспиан Палас» тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебі құрылыс жұмыстарының салдарынан болуы мүмкін

None
None
анның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордадағы Есілдің сол жағалауында "Каспиан Палас" тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебі, алдын ала болжам бойынша құрылыс жұмыстарының салдарынан  болуы мүмкін. Бүгін бұл жайында аталған өртті ауыздықтау кезінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің

полковнигі Қайыргелді Мейрамов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Құрылысшылардың сөзіне қарағанда, осы үйдің жоғары қабатының балконында изоляциялық жұмыстар жүргізілген. Алдын ала болжамдар бойынша өрттің шығуы себебі осыдан болуы ықтимал. Өртті толығымен сөндіріп болғаннан кейін барлығын анықтайтын боламыз», деді Қ. Мейрамов.

 Өрт екінші дәреже санатына  жатқызылып отырғанына тоқталған ол, тілсіз жауды ауыздықтауға 7 бөлімшенің өрт сөндірушілері жұмылдырылғанын, жалпы 10-нан астам арнайы мамандандырылған өрт сөндіру техникалары тартылғанын айтты.

 «Өрт шамамен 12. 45-тер кезінде ауыздықталды. Қазір жалын шарпыған жерлерге қосымша су шашу жұмыстары мен тексеру шаралары жүргізілуде», деді Қ. Мейрамов.

 Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астанадағы Есілдің сол жағалауында орналасқан, яғни 19-шы  көшенің оңтүстік жағында жаңадан салынып жатқан "Каспиан Палас" тұрғын үй кешенінің ең жоғары қабатын өрт шарпып, жанған болатын. Өрттің басталуы туралы хабар 11.40-та түскен.

 Айта кетейік, аталған құрылыс нысанының бас мердігері  «Caspian Serviсе Kazakhstan» ЖШС. Нысан құрылысын «Самұрық - Қазына»  жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы қаржыландырып жатыр. Құрылыс нысанын 2010 жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар