Алдымда үлкен белес күтіп тұрғанын бала кезден сезетінмін - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдында үлкен белес тұрғанын бала кезден-ақ сезгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған шағын видеода Президент жастық шағы жайлы естеліктерімен бөліседі.

«Студенттік кездерден-ақ Президент «өз елің үшін еңбектенуің керек» деп, таңертең тұрып, өз-өзіне айта беретін. Таңертеңгілік ритуалы осы. Ал сіздің таңыңыз қалай басталады?» деген жазбамен бірге жарияланған видеода Елбасы өмірлік мақсаты туралы сыр шертеді.

«Мен мінез-құлық тұрғысынан арманшыл адаммын. Бала кездің өзінде алдымда үлкен белес күтіп тұрғанын сезетінмін. Бұл сезім менің санамда әрдайым жүретін. Бұл түйсіктің қайдан пайда болғанын түсіндіре алмаймын. Политехникалық институтта оқып жүрген студент шағымда кейде таңертең айнаға қарап тұрып, «Сен өз елің үшін пайдалы іс тындыруға тиіссің» дейтін едім», - дейді Президент шағын видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Студенттік кездерінен-ақ Президент «өз елің үшін еңбектенуің керек» деп, таңертең тұрып, өз-өзіне айта беретін. Таңертеңгілік ритуалы осы. Ал сіздің таңыңыз қалай басталады? ⠀ «Ты должен сделать что-то для своего народа», так твердил Президент со студенческих лет до того, как стал Главой государства. И это входит в его утренний ритуал. А какие аффирмации используете вы по утрам? ⠀ #President #affirmations #Kazakhstan #Nazarbayev #morningrituals #Monday #motivation #Қазақстан #Президент #Назарбаев #Елбасы #трк #аффирмации #утро #понедельник #мотивация #утренниеритуалы #Казахстан #Назарбаев

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Соңғы жаңалықтар