Алдияр Байракимовтың фильмі «Киношок» кинофестиваліне қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «На грани» фильмі 2-9 қыркүйек аралығында Ресейдің Анапа қаласында өтіп жатқан XXVII «Киношок» ашық кинофестивалінің байқауына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат отандық киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған кинотуынды бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғыстырған жасөспірімдер туралы баяндайды.

«Осындай мәдени іс-шаралар шығармашылығыңды арттыруға, жалпы еліміздегі кино өндірісін дамытуға септігін тигізеді. «Киношок» сынды халықаралық деңгейдегі фестивальдер барысында түрлі елден жиналатын киногерлер бір-бірімен танысуға, өз жұмыстарын көрсетуге, тәжірибие алмасуға, сондай-ақ бірлесіп жұмыс жасауға кең мүмкіндік алады. Осындай байқаулардың арқасында жаңа есімдер де пайда болады. Ең бастысы, фестиваль қатысушылары түрлі елден келсе де, бір-бірін оңай түсінеді.  Өйткен олардың тілі ортақ, ол - кино тілі», - деді жас режиссер Алдияр Байракимов.
«Киношок» фестивалінің ұйымдастырушылары «бұл картина іріктеу комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан кино өндірісін таныстыра алатын үздік фильмдердің бірі», - деп ой бөлісті. 

Айта кетерлігі, 1992 жылы ашылып, бұрынғы одақтас республикалардың киногерлерін басын қосып, мәдени байланыстардың нығаюына бағытталған «Киношок» ашық кинофестивалі 20 жыл көлемінде көрермендерді Литва, Латвия, Эстония және ТМД елдерінің киноларымен таныстырып келеді. Байқау барысында 70-ке жуық фильм көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар