+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Алдияр Байракимовтің фильмі Испаниядағы кинофестивальге қатысады

2019 жылғы 19 сәуір 02:41
Бөлісіңіз:
Алдияр Байракимовтің фильмі Испаниядағы кинофестивальге қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «На грани» фильмі 13-17 мамыр Испанияның астанасы Мадридте өтетін Imagine India халықаралық кинофестивальінің Life атты конкурстан тыс бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

18 жыл бұрын басталған байқауда алғашында тек үнді киносы көрсетілген. Уақыт өте фестиваль кеңейіп, азиялық фильмдерге бағытталған халықаралық дәрежедегі байқауға айналды.

Отандық жас режиссер Алдияр Байракимовтің фильмі көрсетілетін «Өмір» атты секциясында адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын фильмдер ұсынылады. Биылғы фестивальдің афишасын испандық танымал фотограф Альберто Бого және дизайнер Луис Кодерк жасап шығарды. Онда қиындықтарға төтеп бере алатын және өз өмірін өзі қадағалай алатын бүгінгі күннің заманауи әйелдің образы бейнеленген.

Естеріңізге сала кетсек, «На грани» фильмі бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғысқан жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарының қолдауынан айырылған, тіпті әлеуметпен тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

«Дәл қазір біз Германиядағы фестивальге қатысып жатырмыз. Еуропа көрермендері қазақ фильмдеріне үлкен қызығушылық танытып отыр. Сондықтан да, біздің фильм Мадридте көрсетілетініне өте қуаныштымын. Осы орайда «Дебют» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Анар Қашағанова мен көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаевқа, сондай-ақ жас режиссерлерге әрдайым қолдау көрсетіп отыратын «Қазақфильм» киностудиясының ұжымына алғысымды жеткізгім келеді» - деді режиссер Алдияр Байракимов.

Былтыр «На грани» фильмі Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок» атты ТМД және Балтық елдері киносының ашық кинофестивалінің негізгі байқауына қатысқан, сондай-ақ Беларусь елінде өткен «Листопад» халықаралық кинофестивалінде үздік сценарий үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесімен және ЮНИСЕФ қорының жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, былтыр бұл фильм «Үздік дебют» номинациясы бойынша Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» жүлдесіне ие болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT