Алданған үлескерлердің мәселесі 2010 жылы толығымен шешілетін болады - И. Тасмағамбетов

None
None
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанадағы алданған үлескерлердің мәселесі 2010 жылы толығымен шешілетін болады. Бұл туралы бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан кеңесте елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,

 деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Үлескерлер мәселесіне тоқталған әкім, «Дағдарыстың бас кезінде қалада 37 мың үлескердің қатысуымен 227 нысан бар болатын. 2008 жылы олардың саны 201 нысанға дейін төмендеді. Ал 2009 жылдың басында қалада бұл секторда  128 нысан қалды», деді. Бүгінде оның ішінде 37 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Үкімет пен әкімнің айтуынша, Үкімет пен әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан шараларды есепке алғанда, бүгінде 18 мыңнан астам үлескердің қатысуымен салынып жатқан 91 нысанды аяқтау қарастырылған. Оның ішінде 63 нысанда құрылыс жұмыстары белгіленген уақыт тәртібі бойынша жүргізілуде. Ал қалған 28 нысанда жұмыстар тиісті уақыт мерзімінен қалыс қалуда. Таратылған мәліметтерге қарағанда, аталған 91 тұрғын үй кешендерінің 40-ы биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Осы арқылы жалпы үлескерлер санының 70 пайызы немесе 26 мыңнан астамы өз тұрғын үйлеріне кіретін болады.

Соңғы жаңалықтар