Алдағы жылы жолсеріктер аттестациялаудан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы теміржол саласындағы қызметкерлерді аттестациялау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтің мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 6 мыңға жуық жолсерік, 1 мыңға тарта билет кассирі қызмет етуде. Жылдың басынан бері 385 адам тәртіптік жазаға тартылды. Соның ішінде 170 адаммен еңбек келісімшарты бұзылды. Бұл тұрғыда билетсіз жолаушы және рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатысты шара қолданылды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылы теміржол қызметкерлерін аттестациялау мен олардың біліктілігін жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жоспарланып отыр.

«Бірінші кезекте біз өзіміздің қызметкерлермен жұмыс істеуіміз керек және қызметіне салғырт қарайтындарды бұл салаға жолатпау керек. Яғни, темір саласына теріс көзқарас тудыратын адамдар жолаушыларға қызмет көрсетпеу тиіс», - деді Асылхан Қалдыкозов.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жазда пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды.

«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар