Алдағы жылу беру маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр
2022 жылғы 16 тамыз 13:19

Алдағы жылу беру маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электр қуаттарының апаттық істен шығу жағдайлары жиіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергия өндіруші ұйымдардың (ЭӨҰ) шекті тарифтерінің қазіргі деңгейі станциялардың шығындарын толық көлемде жаппайды. Бұл деректер электр қуаттарының авариялық істен шығуының, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуінің, сондай-ақ Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің қауіпсіз жұмысының тәуекелдері артып келе жатқан жағдайларымен расталады», - деді Жандос Нұрмағанбетов.

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, технологиялық істен шығу деңгейі 20 пайызға артты.

«Жалпы, алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүргізіліп келеді. Жүйелік оператор бекіткен Электр станцияларындағы жөндеу кестесіне сәйкес, 2022 жылы 9 энергоблокты, 60 қазандық және 42 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінде 2 энергоблокта, 14 қазандық пен 11 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 энергоблокта, 38 қазандықта және 18 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанның электр энергетикасы саласындағы ескірген активтерді жаңарту керек екенін айтты.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT