Алдағы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар тек электрондық әдістермен іске асырылады

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алдағы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар тек электрондық әдістермен іске асырылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап электрондық сатып алулар бағалық ұсыныс әдісі бойынша міндетті болады, сондай-ақ басқа әдістер пайдаланылмайды», деді ол.

 Б. Жәмішевтің айтуынша, электронды мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды алу мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын бюджет шығысын төмендетеді. 11 айдың қорытындысы бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуларды жүргізу құқын иеленген сатып алушылар саны 18 341-ді құрайды. Оның ішінде электрондық форматта сатып алуларды іске асыратын ұйымдар - 4 710.

 «Электрондық сатып алулардан қаржы үнемдеу орташа есеппен алғанда 24-26 пайыз деңгейінде. 11 айдың ішінде бұл көрсеткіш 25 пайызды құрады», деді Б. Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар