Алдағы жылдары халықтың әлеуметтік маңызы бар тауарларға кететін шығыны қысқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022-2023 жылдарға қарай халықтың әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шығыстары 15%-ға қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу шығындарын 10-15%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

«Жалпы, 24 КТО-дан тұратын жобаны іске асыру қорытындысы бойынша экономикалық тиімділік 1,2 трлн. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-көкөніс өнімінің өнімділігі жылына 460,0 мың тонна немесе 23,0 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.

Сауда және интеграция министрінің айтуынша, ҰТЖ құрылғаннан кейін егін шыққаннан кейінгі кезеңде өндірушілердің шығындарының қысқаруы шамамен 350,0 мың тонна көкөніс өнімдерін, жылына 13,3 млрд.теңге сомасын құрайды.


Соңғы жаңалықтар