+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Алдағы жылдары елімізде қандай зауыттар салынатыны белгілі болды

2020 жылғы 21 қаңтар 18:09
Бөлісіңіз:
Алдағы жылдары елімізде қандай зауыттар салынатыны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа мемлекеттік бағдарламаның аясында қандай нәтиже жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенаторлар алтын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты Асқар Мамин Қазығұрт ауданында жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты Ақмола облысында марганец зауыты салына ма

2019 жылғы 31 желтоқсанда Үкімет қаулысымен ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ішкі және сыртқы нарықта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің әрі қарай өсуі - ИИДМБ 3.0 мақсаты болып отыр.

Бағдарлама мақсаттарының ішінде: ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлар өндірісінің көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту; негізгі өндірістерді дамыту және стратегиялық жобаларды іске асыруды ынталандыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту; өңдеу өнеркәсібі салаларын технологиялық дамыту және цифрландыруды қамтамасыз ету бар.

«ИИДМБ 3.0 іске асыру кезеңінде экспортқа бағытталған 40 негізгі жобаны іске асыруға баса назар аударылатын болады. Соның ішінде, күрделі тыңайтқыштар өндірісінің кешені «Еврохим Қаратау», полиэтилен өндірісі бойынша Borealis жобасы, Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндірісі «Yildirim Holding». Машина жасау саласында Қостанай облысында «КАМАЗ» автомобиль арнайы техникасы мен техника автокомпоненттері өндірісін, Алматы қаласында Hyundai жеңіл автомобильдер өндірісін, сондай-ақ Claas KgaA mbH неміс ауылшаруашылық машина жасау алыбымен бірлесіп, ауыл шаруашылық техникасы өндірісін іске қосу жоспарлануда», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде.

ИИДМБ 3.0 енгізуден күтілетін нәтижелер: өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге нақты өсіру (бір адамға шаққанда 55,9 мың долларға дейін); өңдеу өнеркәсібінде экспорт көлемін 2018 жылғы деңгейге қарағанда 1,9 есеге өсіру ($15,8-ден $29,5 млрд дейін); өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялардың физикалық көлемі индексін 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,6 есеге өсіру ($3,6-дан 5,9 млрд дейін).

Айта кетейік, Индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру бағыты еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 2010 жылы белгіленген. Алғашқы екі бесжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 70 трлн теңгеге өнім өндірді, ал адам басына шаққанда еңбек өнімділігі 35,3 мың АҚШ долларына жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT