+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады

2019 жылғы 22 қазан 14:56
Бөлісіңіз:
Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында салынатын нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік дәрігерлер өзбекстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады Түркістандағы салынып жатқан жолдардың сапасы үнемі бақылауда болады – әкім Ташкент пен Түркістан облыстары денсаулық саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Жалпы, 2026 жылға дейін денсаулық сақтау саласында 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Оның 60 пайызы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында. 19 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, 838,5 млрд теңге сомасында 16 ірі аурухана салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде инвестициялардың жалпы көлемі 439 млрд теңгеге тең 7 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылуда.

«Бұл тұрғыда Петропавл, Түркістан, Нұр-Сұлтан қалаларындағы үлкен ауруханаларды қамтып отыр. Сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыда университеттік клиникалар құрылысы бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Әлеуетті инвесторлармен жеке қаржылық бастамалардың дайындық жұмыстары іске асырылуда», - деді Біртанов.

Оның атап өтуінше, бұдан бөлек министрлік құны 400 млрд теңгеге жуық инвестициялардың қосымша 9 жобасын пысықтауға кірісті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT