Алдағы үш жылда Шымкент көшелеріне 11 мыңнан аса бейнекамера орнатылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің көшелеріне алдағы үш жылда 11 мыңнан аса бейнекамера орнатылады. Оған бақылау қондырғыларының тиімділігі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық ІІД  мәліметінше, жыл басынан бергі сегіз айда 479 камера арқылы 34 мыңға тарта құқықбұзушылық анықталған. Оның үштен бірі - жол ережелерін бұзу жайттері.

Полицейлер енді миллионнан аса тұрғыны бар шаһарға «Сергек» камераларының орнатылатынын айтады. Олар көшелерді тек бақылап қана қоймай, жол ережелерін сақтауға көмегін тигізеді. Осылайша цифрландыру арқылы тәртіп сақшыларының жұмысы жүйеленіп, қылмыс ашу деңгейі жоғарылайды.  

Соңғы жаңалықтар